Бидай мен қаңбақ
Бұл бетте «Бидай мен қаңбақ» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзі қаңбақ болсын,
Онда қайдан салмақ болсын,
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күн егістікке.
Бидайға қаңбақ тым қатты,
Дауыспен былай тіл қатты:
— Сен осы бидайсың ба?
— Бидаймын.
— Ақыл айтсам тыңдайсың ба?
— Тыңдаймын.
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысың?!
Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Көктемде шығып,
Бастарың салбырап,
Күз болса бұғып,
Тұрғандарың маужырап...
Мен болсам міне,
Күні мен түні
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп,
Сайран салып жүргенім,
Қызық өмір сүргенім...
— Ей, қаңбақ! — деді бидай,
Қанасына симай:
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгіл құлағың жоқ,
"Уф " десе қонасың,
"Суф " десе қонасың,
"Уф " десе ұшасың,
Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың ?
Біз болсақ міне,
Күні мен түні
Жинағанымыз дән,
Айналамыз толған ән...
Абырой да, бақ та,
Атақ та, даңқ та
Ерлік те, жеңіс те —
Барлығы осы егісте...
Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты...
Дұрысын айтқан:
Бидай ма, қаңбақ па, —
Оны өздерің салмақта.
Осы сен бидаймысың?Бұрын біз осылай жаттап едік
Маған қатты ұнады
Маған ұнады
Сөздері өзгергенбе біздің кезде осы сен бидаймысың? Осылай жаттадық
керемет
керемет.мен үшін қатты ұнады.Сіздердің арқаларыңыз
керемет
Көп рахмет
Неге создерин кате жазган? Бидайсын ба емес бидаймысын тындайсын ба емес тындаймысын уф десе конасын емес уф десе ушасын болуы керек кой!!!!
Бидай
Бидай
Осы сен бидаймысың, тыңдаймысың деп жаттадық бұрын.
Біраз қателіктер бар екен өлеңде, бала кезімізден жатқа білеміз ғой
Біраз қателіктер бар екен мәтінде
Есіме түсіп кетіп бала күнім интернеттен терсем, мен емес екем тек оқыған. Өзгерген сияқты