Ешкі мен бастық – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Ешкі мен бастық» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6561
Күнде кешкісін,
Көрген сайын ешкісін,
Аяғыш бастық,
Үстіне жамылғы,
Басына жастық
Болады да қалады.
Ауызбен орақ орып,
Шөбін де салады,
Жемін де төгеді,
Қамқоршы да болады,
Байғұс ешкі бәріне де көнді,
Бәрін де көрді.
Жылы сөз, бірақ, ас бола ма?
Ешкі бір күні аштан өлді,
Жылы сөзден суық ас
Жақсы дейтін сөз рас.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері