Өрмекші болғанда

Бұл бетте «Өрмекші болғанда» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 611
Өрмекшi болғым келдi.
Өрмекшi болдым,
Өрмекшiнiң тiрлiгiн
Көрмекшi болдым.
Бүкiл қалалардың
Бұрыш-бұрышына,
Ұлы даламның
Қуыс-қуысына
Тор құрдым.
(Әй, осы жолы –
Байқаймын! –
Тор құрып
Өзiмдi өзiм сор қылдым!)
О баста
Ниетiм дұрыс едi.
Сол торлармен
Халықтың
Қанын сорып жатқан,
Жанын соғып жатқан
Алпауыт-иттердi
Ұстайын деп едiм,
Шырмап буып –
Жанын көзiне көрсетiп! –
Қыстайын деп едiм.
Торларыма
Алпауыттар түгiлi
Бiр шыбын түспедi.
(Құдайым-ау,
Осы iсiм
Абыройлы iс пе едi?!)
Ақыры сол торға
Өзiм түстiм.
Ендi, мiне,
Алпауытқа құрған торға –
Өзiм шырматылып! –
Шыға алмай жатырмын.
Атаңа ғана лағнет
Мына қу жалғанның
Осы бiр опасыз iсiн –
Бiлiп тұрсам да! –
Бәрi бiр
Ұға алмай жатырмын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрмекші болғанда өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өрмекші болғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрмекші болғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрмекші болғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері