Ақ қайың – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақ қайың» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көз алдымда көк шалғынды орман,
Сол маңайға әнші құстар толған.
Бір өзіңе елтіп, түнгі самал желпіп,
Ақ жұлдыздар кеудеңе қонған.

Мөлдір аспан, маужыраған дала,
Бар дүние жаралғандай жаңа.
Жаңа туған ай да, жұпар шашқан бау да
Аймалайды екеумізді ғана.

Қайдасың сен, ұмыттың ба, жаным,
Ұмыттың ба ақ қайыңдар әнін.
Өтсе де бал дәурен, ұмытпашы, сәулем,
Сені іздейтін бір адам барын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қайың өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Ақ қайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері