Тартыс туралы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тартыс туралы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 674
Білесің,
сені
Өмірдің тартысында
Боксерлер мен штангист,
Палуандар сияқты
Таразыға тартпайды.
Дауылды күнгі
Теңізге кіргендей
Аласапыран тартысқа
Бірден кіріп барасың!
Бір ғана демеу:
Әділдік бар ғой деп
Рухтанасың!
Мұздай қатайып,
Тастай түйіліп,
Қырандай шүйіліп,
Аллаға сиынып
Беттейсің...
Бірақ бәрі- бір
Жеңіске жетпейсің.
Егіліп, сөгілесің—
Жеңсең де, жеңілесің!
Өйткені мен оның
Талайын біліп,
Талайын көріп
Қан жылап жаттым ғой...
Өйткені бүгінде
Әділін айтар
Төреші дегенің
Сатқын ғой!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тартыс туралы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тартыс туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тартыс туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тартыс туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері