Беріктік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Беріктік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 637
Жұмағали Әбуұлына

Менi, қазақты, –
Жан-жағымнан анталап! –
Құртқысы келдi.
Дүкендегi матадай –
Дар еткiзiп! –
Жыртқысы келдi.
Су шүберектей
Сығып тастағысы келдi.
Шөлдегi құмдай
Үгiп тастағысы келдi.
Бiлемiн:
Жұғымым аз,
Жатқа мұздаймын.
Бiрақ мұз емеспiн!
Жел үңгiп,
Күн кемiрiп,
Жаңбырлар тамшыларымен
Мүжiп жатса да
Құламайтын құздаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Беріктік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Беріктік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Беріктік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Беріктік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері