Жалғыздық

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 585
Жалғыздық кеп құрсау болып қысқанда
қызық бiткен менi тастап ұшқандай.
Үңiрейiп жан дүнием тұр қазiр
ымырттағы аңғал-саңғал қыстаудай.
Бұзылғандай оның жұмбақ қорғаны,
үзiлгендей оған барар жол-дағы.
Үңiрейген менiң мынау жанымда
салбырайды өрмекшiнiң торлары.
Үрей кiрiп оның дымқыл демiнен
жанарыма жас үйiрiлiп егiлем.
Аңғал-саңғал менiң жаным ұлып тұр
уiлдеген жалғыздықтың желiнен.
Қалай шыдар жалғыздыққа бұл адам...
Сөздерiм де үзiк-үзiк құраған...
Есiтемiн түкпiрiнен жанымның
байғыз дауысын сұңқыл қағып жылаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері