Қаған жаршысының көк түрік батырларын жорыққа шақыруы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қаған жаршысының көк түрік батырларын жорыққа шақыруы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 710
Ей, көк түрiктiң
Көк бөрiлерi!
Неменеге масайрап
Мастанып жатырсыңдар?!
Аяқтарыңды
Хазардың толқынына орап,
Алтай таудың
Ақ ұлпа бұлттарын
Бастарыңа салып
Жастанып жатырсыңдар?!
Көздерiң көрмейтiн
Көр болып қалды ма?!
Құлақтарың естiмейтiн
Көн болып қалды ма?!
Жау дегенiң
Жардың астында
Күңнiң басындағы
Бүргедей қаптап тұр ғой.
Аттарының тұяқтары
Iргеңдi басып
Таптап тұр ғой.
Жаудың батырын
Ақ найзасына
Аттың үстiнен
Құмалақтай iлiп ап
Ендiгәрi
Атқа қонбайтындай еткiзетiн,
Қолға түскендерiн
Қотандағы қойдай иiрiп,
Ошағының күйесiн жалатып,
Қылышының астынан өткiзетiн
Қара Бура батыр,
Сен немене,
Сал болып қалдың ба,
Немесе,
Күнiңе жетпей
Шал болып қалдың ба?!
Шық, қәне, шатырыңнан!
Шаппа-шұп кеп
Қоян қолтық алысқанда
Екi аяқты
Мақұлықтардың
Бiрi де жеңе алмайтын,
Шаңырақтай садағына
Қатарынан екi оқ байлап
Бiрiн оңға, бiрiн солға ататын,
Атқан оқтарының
Қай жерге түскенiн
Аспандағы құстар болмаса
Жердегi адам баласы
Көре алмайтын,
Сеңгiр жоталы Ерен батыр,
Немене,
Жас тоқалыңды
Емiп жатырсың ба,
Төбең ойылғыр,
Төбең көрiнбей қалды ғой,
Құтысы құтырған
Айғыр болып кетпесең
Қанатын бәлең қанды ғой.
Шық, қәне, шатырыңнан!
Қағанның алдында
Қазандай басын
Тәкәппар арғымақтай
Кекжитiп зорға иетiн,
Көлдегi қаз, үйректердi
Бытырлатып қырып,
Жапырақтай шашатын
Көк тырнақ сұңқардай
Қарсы келген жауларға
Шүйiлiп тиетiн,
Күп денелi Көбек батыр,
Мес-мес қымыз қотарып
Кекiректеп
Тойып отырғаның жетер,
Жан-жағыңа шекелеп қарап
Бұтыңа сыймай
Толып отырғаның жетер
Шық,
қәне, шатырыңнан!
Шықпасаңдар
Алтын айдарлы ұлдарың
Құл болады.
Алтын тұлымды қыздарың
Күң болады.
Нардай-нардай сарбаздарың
Құлағы салпиған
Есек болады.
Шал-сауан мен бала-шағалар
Аяққа тапталып
Тезек болады.
Шығыңдар, қәне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаған жаршысының көк түрік батырларын жорыққа шақыруы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қаған жаршысының көк түрік батырларын жорыққа шақыруы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаған жаршысының көк түрік батырларын жорыққа шақыруы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаған жаршысының көк түрік батырларын жорыққа шақыруы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері