Жыл құстары келгенде

Бұл бетте «Жыл құстары келгенде» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жыл құстары көктемде
Шаршап бізге жеткенде,
Құшақ жая қарсы алсақ,
Ұя жасап, ән салсақ,
Бір ғаннибет емес пе?
Қоныстарын оңдасақ,
Сотқарлардан қорғасақ.
Бұзықтарды жолға сап,
Қонысына қонуға
Тек кедергі болмасақ...
Бұл да міндет емес пе?
Қыстаған тек шетелде,
Қайтқан ата мекенге
Жыл құстары – бұл құстар
Туған жерге тым құштар
Туысымыз емес пе?
Туыс бізге тым ыстық
Жасай берсін туыстық!
Аңсап бізді оралған
Неге оларға: «Міне – тау,
Міне – далаң, міне – орман,
Міне – көлің» демеске.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл құстары келгенде өлеңінің авторы кім?

Сұлтан Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Жыл құстары келгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыл құстары келгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтан Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл құстары келгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері