Қауіпті сезіну

Бұл бетте «Қауіпті сезіну» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Екiндi шақ.
Сөнген сәтi жарықтың.
Менi ой басты салмағындай табыттың.
Көрiп қалдым –
түстi жерге түнерiп
қара елесi қатерлi бiр қауiптiң.
Көкке шығып кеткен-сынды жердегi үн
iшке тартып алды сонда жел демiн.
Не екенiн айта алмаймын,
әйтеуiр
сұрапыл бiр сұмдық елес көргенiм.
Айтып отыр дей көрме сен әрненi.
қара одан да құбылысқа жердегi, –
уiлiнен сол елестiң шошынып
күтiр еттi ағаштардың белдерi.
Сөз бiткеннiң шығып жаңқа, қиқасы
күйреп түстi өлеңдердiң ұйқасы.
Бiр бүктелiп,
бiр жазылды –
үрейден! –
мата құсап қара жердiң құйқасы.
Не айттың деп салма менi талқыға.
тимесiншi зардабы тек халқыма.
Иiр жолдар үзiлердей шiренiп
дiр-дiр етiп түстi қайта қалпына.
Қара күрең түрге ендi де екiндi
айтқан-сынды болды маған өкiмдi, –
жер астынан суық бiр леп соқты да
көктен бiр леп шарпып өттi бетiмдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауіпті сезіну өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қауіпті сезіну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауіпті сезіну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауіпті сезіну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері