Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім, – Еркінбек Алтынбек

Бұл бетте «Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,» атты Еркінбек Алтынбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,
Құлагердей шалынып құлап едің.
Жарты ғасыр жүре алмай бұл жалғанда,
Қалды артыңда амалсыз жылап елің.

Жылап елің амалсыз жылап далаң,
Жігіт едің қара өлеңге сыр ақтарған.
Атқылаған жанартаудай тау басында,
Өлең-жырың кеудеңнен будақтаған.

Тау тұлғалы бейнесі ел жадында,
Ауыр мінез, ауыр еді салмағыда.
Даусы деген керемет әнші еді,
Құлақ түріп тыңдайтын ән салғанында.

Ұрпақ үшін бір қадам шегінбестен,
Сол үшінде шығармас елің естен.
Түн жарымда тұрып ап жыр жазатын,
Ертеңі үшін елінің ерінбестен.

Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,
Құлагердей сүрініп құлап едің.
Ботасынан айырылган боз інгендей,
Қалды еңіреп амалсыз жылап елің.
Өзге тілден өз тілін биік қойған,
Жігіт еді абыройды, арды ойлаған!
Қазіргінің жігіті жас тайынан...
Арақ ішіп, жатып ап нарды ойнаған.
Аударған өлеңдерді кідірместен,
Өлеңдердің мағынасы бүлінбестен.
Содан болар сүйсіне әлі оқиды,
Шығармасын шығармай елі естен.
Ақын жанын аждаһар ерте алған,
Ерте алсада өшпестей мұра қалған.
Тоталитарлы жүйенің қүрбаны боп,
Жалған айып жағылып қаза болған.


Пікірлер (2)

Нұртас

Өте күшті

Нұртас

Мен Ілиястың өлеңін жаттап жүрм

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім, өлеңінің авторы кім?

Еркінбек Алтынбек — осы өлеңнің авторы.

Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еркінбек Алтынбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар