Өлең, жыр, ақындар

АЛТЫНЫМА

Жаралған дара, өзгеден бөлек болмыс-бітімің,
Дана бір туған, ұқсамайтұғын өздік үмітің.
Ғайыптан келген бейнедей жұмбақ жандай бір,
Қол жетпес шыңда тас жарып өскен нәркес гүлмісің?!

Қалыпың ерек, ұқсатпаймын да сірә әркімге,
Ұмысұнатын ұлы адамзаттың биігі менен өріне.
Ғаламда сөз жоқ жан сарайыңа теңдесер де теңкелер,
Қайтейін, Жаным
Суреттеуге де қызыл тілдің құдіреті шіркін жетпесе.

Қыз Жібек пенен Баян Сұлу да көркіңе сенің тең келмес,
Толықсыған ай жүзің, жайнаған жұлдыз – наз, кербез.
Зүбаржат та, дүр гауһар менен ақ жақұт,
Лағыл тас та, саф алтын бәрі дәл өзіңді еш теңгермес.

Жұмбақ тас сынды жұмбағыңды шеше алмай,
Ғұмырым өтер құпияңа сенің әсте жете алмай...
Аласұрамын, мың толғанып, сан рет жаңылып,
Ұшқыр да ойым дәрменсіз мынау тереңге бойлап бата алмай...

Мөлдіреген тұнықтығын неткен-дүр!
Табиғаттың саған тартқан сый деп біл.
Жарқырашы сәуле шашып жарқыным,
Шуақ болып тамсындырып күйге бір. ✨✨✨


Өлеңнің стилі – Рухани-философиялық лирика.

ГЛОССАРИЙ:
Ғайып – Тәңірлік әлем;
Нәркес гүлі – нарцисс;
Ұмсыну – ұмтылу;
Зүбаржат – изумруд;
Гауһартас – бриллиант;
Жақұт – сапфир;
Лағыл тас – рубин;
Саф алтын – қоспасыз таза алтын;
Наз – сүйкімді, жарқын, көрікті;
Кербез – асыл қарапайым, талғампаз;
Дүр – сенде тұр;
(һүр – хор қызы).

17.ХІІ.2024ж.



Пікірлер (1)

Санду

Супер

Пікір қалдырыңыз

Туған күн

  • 0
  • 0

Туған күн
Сиыр –
Туған күніне
Шақырды мал біткенді,

Толық

Қорағаты өзені

  • 1
  • 0

Қорағаты өзені, ойыма көп түседі,
Балық аулап, балалар айдынында жүзеді.
Қыз-келіншек жиналып кір жуатын,
Қандай қызық ұмытылмас кез еді.

Толық

Міржақып Дулатов

  • 0
  • 0

Халық жауы деп, айып тағылды ғой,
Халық бірақ Дулатовты қорғады ғой.
Тарихтағы 300 беттік кітапты да,
Ең алғаш Дулатов жазды ғой!

Толық

Қарап көріңіз