Түсініксіз құбылыс

Бұл бетте «Түсініксіз құбылыс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 511
Басым мең-зең.
...Көзіме үйқы тығылып
Қалғып кетіппін...
Бір қарасам,
Қызылқұмның ішіне
Қаңғып кетіппін...
Енді міне
Мәңгіріп тұрмын —
Басына шыға алмай
Қайқаң белдің...
Қасымнан өткен
Құйын ішінен
Тұла бойы жүн-жүн
Көзі қып-қызыл
Шайтан көрдім.
Бисмилла Рахман раһим!
Пышақ лақтырмақ ем
Бар пышағым
Жоқ боп шықты.
Сол екі ортада
Әлгі құйыным
Айналып үйірілген
От боп шықты...
Бір түп
Жыңғылдың қасында
Перінің қызы кездесіп
Сығаннан бес-бетер
Арбады.
Бір бұл жағыма,
Бір бұл жағыма шығып
Алдады.
Одан сытылып
Тұра қаштым!
Менің мұныма
299 жыл жасаған
Мыстан қарға
(Туберкулез болса керек)
Қарқылдап күле алмай
Қан түкіріп,
Қақырып күлді...
Сексеуілдің жанында
Тіп- тік шаншылған
Сұп- сұр жылан
Мені өзіне –
Ысқырып —
Шақырып тұрды...
Басым мең-зең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсініксіз құбылыс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түсініксіз құбылыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсініксіз құбылыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсініксіз құбылыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері