Қаскөй

Бұл бетте «Қаскөй» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 865
Мен сенiң
Қолыңа түссем –
Терiмдi! –
Тiрiдей сыпырып аласың.
Сыпырып алған терiмдi
Шүберек құсатып
Шеңгелге жайып қоясың.
Қолыңа түссем
Дарға асасың.
Асып қана қоймайсың –
Буынып тұрған кезiмде –
Астына от жағасың.
(Сол кезде менi –
Бiлемiн –
Ешкiмнiң жоқтамасын!)
Сенiң жаның сайтанда –
Шапсам да!
Шабылмайсың.
Сен –
Қаралы үйдiң! –
Қызын зорлаудан
Тайынбайсың.
Сен! –
Өтiрiк, өсексiң.
Есексiң.
Қара бәлесiң,
Қара жаласың.
Егер мен өлсем –
Қабiрiме –
Бiр уыс топырақ емес,
Бiр уыс тiкен саласың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаскөй өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қаскөй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаскөй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаскөй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері