Арман теоремасы
Асқар шыңды су алмас ағын қылып,
Талай ойым бар әлі бағым күліп...
Менде әлі сендердей сенен әрі,
Биіктерді аламын бағындырып...
Құлда шыққан, қара да қағандардан,
Бірде-бақыт , бірде-мұң, жағам жардан.
Сіздер көрген қызықтар маған арман,
Сіз көргенді мен көрем қаламдардан,
(Мүмкін содан бұл өнер маған қалған...)
Арман деген - арыңды табаламау,
Қарақшыны хан санау қараламау.
Бірте-бірте бәрінен баз кешеміз,
Арман өзі жөндейді санаңды анау.
Талай қызық күтіп ем көк теректен,
Басына үй, астына от керек деп.
Кейде қолым жеткенге шын қуанып,
Кейде арман сағымды өкпелеткен...
Бір құдірет қолымды тұсап көктен,
Кешегі күн бүгінге ұқсап кеткен..
Адамға көп мүмкіндік берген сайын,
Арманы да соншалық ұсақ неткен.
Қос жетпеске жылайсың көңіл сынып,
Арманның жеңіл мекен көңіл сыны?!
Арманның да болғаны қандай жақсы,
Өмір сүргің келеді , өмір сүргің...
Қанат Жолдасбеков
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі