Жасыбайдың үңгірі – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Жасыбайдың үңгірі» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Балалар-ау, балалар!
Баян тауға барайық.
Басып кеткен баяғы
Батыр ізін қарайық…

Жақтауы тас, мінеки,
Жасыбайдың үңгірі.
Жолын кесіп жауының
Жатқан екен бір күні.

Елім қамын етсін деп,
Жауды жалғыз бөгепті.
Жыламай ержетсін деп,
Бесіктегі бөбекті…

Жауды мұқап жасытқан
Жартастай боп Жасыбай,
Жауға тиген жасылдай
Жасыбайдың батыры-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыбайдың үңгірі өлеңінің авторы кім?

Өтебай Тұрманжанов — осы өлеңнің авторы.

Жасыбайдың үңгірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыбайдың үңгірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтебай Тұрманжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыбайдың үңгірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері