Ай мүйізді ақ қошқар – Өтебай Тұрманжанов

Бұл бетте «Ай мүйізді ақ қошқар» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 8111
Ай мүйізді ақ қошқар,
Ай мүйізді ақ қошқар.
Аппақ жылы тоны бар,
Ақ тақтайдай жоны бар.
Маңдайында дөңі бар,
Мойнында меңі бар.
Қойды айнала байқайды,
Ауыр басын шайқайды,
Қотанын сақ қорғайды,
Ит - құсыңа болмайды,
Ақ қанжарын сермейді,
Төлін жауға бермейді.
Қасқыр келсе, сүзеді,
Омыртқасын үзеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері