Өтебай Тұрманжанов — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Өтебай Тұрманжанов мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Өтебай Тұрманжанов шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Өтебай Тұрманжанов (1905–1978) — ақын, жазушы. Маңғыстау облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында туған. Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әде­биеті», «Әдебиет майданы», «Жұлдыз» газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37) болды. Өмірінің соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім мең­герушісі кызметін атқарған. Тұңғыш жинағы «Таң өлеңдері» (1925) Мәскеуден шықты. 1937 жылы жарық көрген «Қошан кедей», 1929 жылы шыққан «Таң сыры», т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Өтебай Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.