Туған өлкем
Бұл бетте «Туған өлкем» атты Өтебай Тұрманжанов жазған туған жер туралы өлең берілген.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Түлігі өскен алуан - алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Міне кызык керм
Керемет Өтебай Тұрманжанов ағаға мын алғыс керемет өлен
Туған өлке туралы өлең керек
Hi. Garit
өте жақсы өте керемет өлең күшті екен
Өте жақсы
Өте жақсы
Өте керемет өлең мен оны естігенде жан дауысым сыртқа шықты
Ең керемет өлең!