Парызымды өтер ме ем?
Бұл бетте «Парызымды өтер ме ем?» атты Өтебай Тұрманжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 0
- 3020
Балара болып,
Гүл-гүлге қонып,
Анама бал жинасам.
Тынбастан теріп,
Бейнетін көріп,
Терлеп жанды қинасам;
Гүлдің жұпар балымен
Анамды мен сыйласам,
Ақ сүтін берген өтер ме ем?!
Парызымнан құтылып,
Мұратыма жетер ме ем?!
Адам болып аялы,
Алдында жүрсем жарасып;
Шынардай болып саялы,
Жағдайына қарасып;
Әдепті болып, ізетті,
Ауылға жақса мінезім;
Көрсетіп игі қызметті,
Жай қылсам жанын, жүрегін,
Ақ сүтін берген өтер ме ем?!
Парызымнан құтылып,
Мұратыма жетер ме ем?!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі