Ақыл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ақыл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 784
Аумайды мынау өзіңнен,
Анауда сенен аумайды-ау,
апыр-ау, бала кезіңнен
арылмай қойған қандай дау?
Қырқада қыдыр,
көкке шық, —
қазақтың сендей ұлдары, —
өтінен тіпті ет кесіп
беруге дайын тұр бәрі.
Анауда жақсы,
мынау да,
алдыңнан шығып әр күні,
кемсендей қалсаң, —
жылауға
дап-дайын тұр ғой барлығы.
Қағынбай ғана жүрші өзің,
елпілдеп тұр ғой ел, міне,
аузыңнан шыққан бір сөзің
далада қалып көрді ме?!
Жайыңа жүрші,
шамданбай,
тусаң да жұрттан сен бөлек,
аспаннан түсе қалғандай,
адыраң қаға берме көп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері