Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 674
Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып,
Сан соққанда жақсы адамды кеш танып,
Өң мен түстің арасында бір өмір
Өтіп жатыр ұйқылы-ояу есті алып.
Жүрегіңде текке жүрсе бір күмән,
Күмәні жоқ күндеріңде жүрді мән.
Не болғанын, не боларын сездірмей
Қайран мезгіл сынап құсап сырғыған.
Өң мен түс боп өтеді екен бір өмір,
Құлпырады, жыр тұнады гүл өңір.
Қырмызы күн қыр басынан ұзайды
Қолына ұстап дүрсілдеген жүрегін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері