Өлең, жыр, ақындар

Хибстағы ұрының мінажаты

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 0
  • 6471
Уф, алла! Бітті қаным, шақты жаным,
Шірір ме бұл хибста ғазиз тәнім?
Таусылып көздің майы, қуат кеміп,
Сиқым бар жан танымас кетті мәнім.
Мінекей, жиырма бес ай мен жатқалы,
Хибста тұтқын болып дәм татқалы.
Ұшырап жетім-жесір қарғысына,
Ерік кетіп қол-аяқты байлатқалы.
Бәле боп іздеп басқа тапқанымыз,
Жазасын тартып қазір жатқанымыз,
«Пәленше пәлен» деген атқа мәз боп,
Аяғы неге соқты мақтанымыз.
Бит, бүрге, қандалалар қанды сорып,
Қасынып түнде ұйқы жоқ жанды қорып.
Білмейміз елдегілер неғылып жүр,
Қазіргі осы боп тұр біздің жорық.
Қара нан қыжылдатып жүрек кесіп,
Жатасың жамбасыңды тақтай тесіп.
Осы екен: «ұрлық түбі - қорлық» - деген,
Япырмай, құтылармыз енді нешік?
Алмайтын мықты неме елдің сөзін,
Тісінді қайра да жат өзіңе-өзің.
Кілтті есік, тас кереге, темірлі әйнек,
Шыға алмай құр жылтырап екі көзің.
Найзалы мылтық, қылыш қолына алып,
Күні-түні күзетшілер тұрған бағып.
Білінсе бір кәдігің, бітті саудаң,
Батырым, құтыларсың бұдан нағып?
Астыңа жел жетпесті мініп алып,
Күн бұрын мал өрісін біліп алып,
Жабысып ат жалына ай жарықта
Кететін қолдан мынау іліп алып.
Жануар қысса тақым сезуші еді,
Қайшылап құлақтарын безуші еді.
Әренге қызыл май боп еруші еді.
Өзі тоқ жетектегі семіз шіркін
Кептіріп аттың терін тек тұрмадық,
Байлардан шама келсе көпті ұрладық.
Сүйекке әбден сіңіп алғаннан соң,
«Кедейдің көкшолағы» деп тұрмадық.
Жолдастар косылушы еді әлде қайдан,
Демеуші ек: «мынау арғын, мынау найман»
Шықканда елден аулақ, тан, бозарып,
Әндетіп өтуші едік терең сайдан.
Деуші едік ұрлық малды «түнде туған»,
Жігітті «батыр» деуші ек оны қуған.
«Қой» деген ақыл сөзді құлаққа ілмей,
Көз жасы енді мынау бетті жуған.
Басымнан кінәм асып мұнда түстім,
Ақыры не болғанын көрдім істің.
Босатып бір ат берсе жіберетін,
Көзімнен болыс, билер бір-бір ұштың.
Жаза гөр топырақты елден, алла.
Тілегін міскіндердің берген, алла.
Құлыңа екі жаза бере көрме,
Кеше гөр, қылдым тәуба, тәуба, тәуба.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтыс

  • 1
  • 1

Бір кезде әлде қалай бір нәсілдес
Алдында көп таулардың болып кеңес.
Қазыбек Шат тауымен екеуінің
Бір үлкен арасында шықты егес.

Толық

Газет-журнал

  • 1
  • 2

Білесіз дүние жүзі толған халық,
Олардың арасында бар көп парық.
Алты айлық алыс сапар аралары,
Тұрады бір-бірінен хабар алып.

Толық

Наурыз

  • 1
  • 1

Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Куаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.

Толық

Қарап көріңіз