Өлең, жыр, ақындар

Дәреже ме, орта ма жан ержеткен

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1246
Дәреже ме, орта ма жан ержеткен,
үлкен-кіші тұғыр ма әрең жеткен –
өзгертеді әйтеуір адамды ылғи,
өзгереді бәрі де әлемде өктем.
Сала ма әлде қыш орта қалыбына,
сұсты мұхит-тірліктің ағыны ма –
құбылады адамзат, дүниеге
болатындай бүгінгі тағы – мұра.
Орны өзгерсе, өзгеріп мұң, несібе,
көршісі де, сөзі де, мүддесі де,
қимылы да, досы да, қылығы да
басқа. Алмайды бұрынғы күнді есіне.
Бірақ бір күн шектеліп өрлегені,
құбылады кешегі төр мен өңі.
Уақыт-құйын ойқастап, жер бетінде
тақсырлар да, тақтар да өзгереді.
Жүрген кеше жерде - өзі, жанары Айда
адам сонда, таусылып амал-айла,
су мүжіген ескектей қайық қирап,
сұсты толқын лақтырған жаға-жайға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жігерлену

  • 0
  • 0

Еңсемді енді мен де бір көтерейін,
тамағымды кенейін, жөтелейін.
Көзі түспес көсемдер көрер ме екен –
бірін Беке, біреуін Төке дейін.

Толық

Көш

  • 0
  • 0

Келіннің күлкі етеміз ұяңдығын,
қайныға ат қою да – зиянды ұғым.
Үлкеннің жолын кеспеу,
тезек теріп,

Толық

Абыройы Күнмен жарысқан

  • 0
  • 0

Абыройы Күнмен жарысқан,
көкірегінен әсем ән ұшқан,
мейірін төккен адамға
бақытты байтақ даламда

Толық

Қарап көріңіз