Үміт керек саған да, маған-дағы – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Үміт керек саған да, маған-дағы» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 829
Үміт керек саған да, маған-дағы,
Жылтырасын сары шам бағандағы.
Үмітпенен жасарып жер дүние,
Үмітпенен жайнайды адам бағы.
Қызғалдақтар құлпырып көркем белден,
Өрнек кетсе өміршең өркендерден,
Көлік тосқан сапарда жолаушыдай
Үміт күтіп жүреміз ертеңдерден.
Сенің-дағы үмітің жоғалмасын,
Көлдер іздеп тапқанда көк арнасын.
Алма ағашы үмітпен ұмтылады,
Құлатқанда бұтағы көп алмасын.
Жарқырайды бір шырақ күні-түнмен,
Қойныңда оны жүресің жылытумен.
Басқа таққан үкіңнен айырылма,
Есің болса, адаспа үмітіңнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері