Қырық үш – Әлия Іңкәрбек

Бұл бетте «Қырық үш» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2021
  • 0
  • 0
  • 664
(Нұрлан Әбілдиннен)

Қырық үш жас,
Алдамағын мені енді!
Самайымда сен қатырған ақ қырау,
Жанарымда - шаттық та жоқ,
мұң да жоқ.
Жастық шаққа жатпын-ау.
Бәлкім, жиі жүк арттым ба
жырға көп?
Сел-сезімге селт етпейтін шақ мынау...
Жалыны кем жүректердің сырларын,
Келмейді енді тыңдағым.
Жалғыз сәуле нұрлы үмітке жалғанар,
Қырықта да алынбаған бар қамал.
Тоқтата алмай Уақыттың ағысын,
Есту қиын жүрегімнің Дауысын.
Мезгіл жетсе әдетінше гүлдейді -
Шие – «ескі танысым».
Табиғатқа жүрмейді, рас, пәрменің,
Биыл тағы шие ағашы гүлдеп тұр,
Самайыма ақ түсіпті ал менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері