Си – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Си» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Есімім «си» қарашы,
Сызық бойы тұрағым.
«До» мен «до»-ның арасын,
Толықтырып тұрамын.
Тұрсам да ылғи жерде осы,
Кіші «до»-ны қолға алам.
Ноталардың кенжесі –
Биігі де мен болам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері