Көжек – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Көжек» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3356
Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес, өжетпін.
Маған зорға тигені-ай
Үлкендерден кезектің.

Менмін нағыз сұр көжек,
Тыңдаңыздар бір мезет.
Тұрмын сыйлық алғалы
Ортаңызда тіл безеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері