Телефонмен тіл қаттың маған – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Телефонмен тіл қаттың маған» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1533
Телефонмен тіл қаттың маған,
Тіл қаттың дағы, жыладың.
Мең-зеңмін мен де, жұмбақ бір ғалам,
Жалғыздық салды сынағын.
Сен жалғыз аңсап, мен жалғыз аңсап,
Күнәміз болса, кешірдік.
Қалды ма кейін сол минут, солай
Кетті ме өтіп, не сұмдық?!
Мен кіммін саған, сен кімсің маған
Алыстан аңсап, абайла.
Мәңгі бір жүріп, мәңгі жасаған
Махаббат бар ма, соны ойла.
Телефонмен тіл қатшы маған,
Тар емес дүние, кең шығар.
Дүние деген – бір жақсы, жаман,
Жақсылығы да мол шығар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері