Түбіт бөкебай – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Түбіт бөкебай» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1697
Түбіт бөкебай
Тартқан ботам-ай,
Өзің ботадай,
Көзің боталай,
Маған қараушы ең
Мейірім нұрына
Шөлдеп, қаталай...
Түбіт бөкебай
Түсті-ау басыңнан.
Дәурен ботадай
Ұшты-ау басыңнан.
Кеттің жат жұртқа
Құшты-ау қосылған.
Сен де алыстап,
Мен де алыстап,
Құштар басылған.
Түбіт бөкебай
Тозды түбіті.
Тентек көңілдің
Озды үміті.
Қалды махаббат
Уыты өзекте.
Қалды...қалғанын,
Қалқам, сөз етпе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері