Маған не iстемедi, маған не жасамады? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Маған не iстемедi, маған не жасамады?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1132
Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Тiлiмдi
Ұлтарақ қып кестi.
Жүрегiмдi
Құлдың құлағындай кестi.
Қызылқұм мен Қарақұмды –
Үндемесiн деп! –
Көмейiме құйды.
Үмiтiмдi жiптей қиды.
Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Жүрсем – құлатты.
Тұрсам – сұлатты.
Өз елiмде,
Өз жерiмде
Кеудемдi
Алатау, Қаратаумен бастырды.
Басымды көтерсем
Сойылмен басқа ұрды.
Ой, дүние-ай!
Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері