Сонда да жақпадым – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сонда да жақпадым» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 887
Алтын ыдысты
Балқашты көтерiп
Алдына тостым.
Алтын балықты
Аралды бердiм.
Алтын айдынды
Атырауды
Алдына жайып тастадым.
Отыз тiсiмдi опырғыздым.
Отыз елiмдi көндiрдiм.
Сарыарқаның
Төрiне отырғыздым.
Алтын оқалы
Шапан кигiздiм.
Арғымақ ат мiнгiздiм.
Қызымды күң қылдым.
Ұлымды құл қылдым.
Сонда да жақпадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері