Өлең, жыр, ақындар

Мадақ жыры

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 904
Балпаң-балпаң басқанда
Қара жер қайысты.
Алшаң-алшаң басқанда
Қара тас майысты.
Керуендерiмнiң салмағынан
Жоталар
Жаншылып қалды.
Жылқыларым
Суатқа құлағанда
Көлдер суалып,
Таусылып қалды.
Жауларым
Маған құл болуға
Зар боп жатты.
Сiңбiрiгiм – қаймақ,
Сiлекейiм бал боп ақты.
Күбiлерiм
Күрпiлдеп пiсiлдi.
Сабаларым
Күркiлдеп iсiндi.
Астауым емен,
Шыңырауым
Шегем болды.
Төбемде құндыз,
Маңдайымда
Жұлдыз жанып тұрды.
Құсымның текпiнi
Арлан қасқырды өлтiрдi.
Садағымның екпiнi
Алты қырды төңкердi.
Қара тасты
Қара балшықтай иледiм.
Жауымның жерiн
Тулақ қып сүйредiм.
Сөйлесем
Тiлiм қылыш болды.
Қақырығым – алтын,
Түкiрiгiм – күмiс болды.
Өткен заман-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бейбарыс қайтып оралғанда

  • 0
  • 0

Ақша бұлттай
Ақ тастан шапан киген
Алып Бейбарыс
Өткен замандар iшiнен

Толық

Жалғыздық туралы жыр

  • 0
  • 0

Дүние дегенің
Қақ-қақ бөлініп
Сөгілген сеңдей боп
Жарылып барады...

Толық

Екіжүзді

  • 0
  • 0

Басыңа бақ қонса
Көлеңке сияқты қалмастан
Ерiп жүредi.
Сен дегенде

Толық

Қарап көріңіз