«Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан
- 0
- 0
«Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан,
Жаз жайлап, қыс қыстаған қонысымнан.
Сіз онда, біздер мұнда сау болайық,
Құдайым айырмасын сонысынан.
Бұл бетте «Қайран жерім» атты Шәңгерей Бөкеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан,
Жаз жайлап, қыс қыстаған қонысымнан.
Сіз онда, біздер мұнда сау болайық,
Құдайым айырмасын сонысынан.
Ағасың, ақылың артық асқармен тең,
Асылдың арқар ұранды тіреуі сен.
Ала ту Абылайдың ала аттансаң,
Аламан артыңдағы біреуі мен.
Бір күнде, жас көңілім, судай тастың,
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың,
Төрт бұрышын дүниенің көрмей болжап,
Қиялмен көк қақпасын барып аштың.
Сергей
Жаксы
Айнұржан Шанғытбай
Ғылым деген өлеңі өте керемет екен