Өлең, жыр, ақындар

Қорқамын!

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 606
Елiмнiң iргесiнде
Өрт болып жатыр...
Жанымның iшiне
Дерт толып жатыр.
Заманның қабағынан
Қар жауып тұр.
Қар емес.
Қан жауып тұр.
Қатерлi сөздер
Ауғанды бомбылағандай –
Жүрегiмдi! –
Бомбылап жатыр.
Арман, тiлегiм
Қасат қарды бұза алмай
Омбылап жатыр.
Суларыма
У қосып жатқандай.
Елiмдi –
Бүлiкке салам деп! –
Жын басып жатқандай.
Әлденелер
Жалмаңдап кезiп жүр.
Әлденелер
Жалбаңдап безiп жүр.
Шамым мен шырағым
Өшiп бара жатқандай.
Ормандарым
Жерiмдi тастап
Көшiп бара жатқандай.
Өзекке түскен от
Жолымды қуырып тұр.
Көз жасым
Жүзiмдi кесiп,
Омырауымды орып
Құйылып тұр.
Бауларым
Қурап қалардай,
Тауларым
Құлап қалардай –
Қорқамын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы адамның қабірі басында

  • 0
  • 0

Арқырап жатқан
Таудай қара тасқынға
Қасқайып қарсы жүретiн
Қайығым едiң.

Толық

Нармахан Бегалы

  • 0
  • 0

Қара күштiң иесi
Қажымұқанның жерлесi,
Бегалыұлы Нармахан,
Саған тұғыр екен

Толық

Алматы

  • 0
  • 0

Ұлы қалам!
Басыңнан не өтпедi?!
Не көрмедiң?!
Өлмедiң!

Толық