Айт, емiн! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Айт, емiн!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 903
Жан-жүрегiмдi күйдiрiп,
Намысыма тисе –
Бiлемiн! –
Өлiспей берiспеймiн.
Бiрақ та
Аяқ-қолымды матап, –
Тiк тұрғызып! –
Бауыздаймын деп тұрса
Не iстеймiн!
Желкеме мылтығын қадап
Қара жартасты –
Жалаңаш қолыңмен! –
Үңгi деп тұрса
Қайтемiн?!
Қара жерге
Сүңгi деп тұрса
Қайтемiн?!
Айт, емiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері