Өлең, жыр, ақындар

Күту

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 05.04.2021
  • 0
  • 0
  • 523
Алматыға келдім дедің,
Қарсы алды ма мың жүрек?
Оқымайтын жырды көп...
Вокзал қандай кең болғанмен
сезіндің де тарлығын,
сыртқа шықсаң ерке қала
төгіп тұр ма жаңбырын?
Қолшатырың бар ма, жоқ па,
маңызды емес ол мүлдем,
Мен де солай жанымдағы
жалынымды сөндіргем!
Күлімдеші,
аспан біздің
Маған қарап бір күлсін,
Шаттандың ба,
шаршадың ба кім білсін,
бара жаттың әлдеқайда асығып,
Күткеніңді жасырып...
Бәрі де бар –
Алматының жаңбыры мен наласы,
Тек мен жоқпын –
Анау бір қыз мен емес пе, қарашы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күту өлеңінің авторы кім?

Әлия Іңкәрбек — осы өлеңнің авторы.

Күту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Іңкәрбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері