Алтынай – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Алтынай» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1609
Әні Жиде Жеткізгенованікі (Құралбекке)

Айдың нұры арқалаған сан арман...
Ай нұрында сұлулық бар сан алуан,
Саған деген көңілімнің іңкәрі
Айдың аппақ сәулесінен жаралған...
Аспанымның алтын Айым ғажабы,
отбасымның Алтынайым ажары.
Тарқамайды өзің барда ешқашан,
тарқамайды бақытымның базары...
Бағынатын жүректердің еркіне
Айдың нұры махаббаттың серті ме?!
Ғұмыр берген әр пендеңді жаратқан,
ұшырата гөр махаббаттың дертіне...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері