Тәубе – Әлия Іңкәрбек

Бұл бетте «Тәубе» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2021
  • 0
  • 0
  • 790
Ағаттығыңды кешкенмен,
Кімге Өмір оңай дес берген?
Менен де өтіп барады,
Он сегіз дейтін көш-керуен...

Бақытты қайтем кеш келген,
Тағдыры неге өш дер ме ең?
Айыбым шығар өлең деп,
Адасып кетсем «есті елден».

Болмасам-дағы баққа құл,
Сүріппін өмір тәп-тәуір.
Адамның бәрі – жанашыр,
Адамның бәрі – жатбауыр!

Тірліктің, білем, түбі – мұң:
Жану мен сөну бір ұғым.
Ащы болсаң да сүйер ем,
Тәп-тәтті менің ғұмырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері