Бұл бетте «Қарсылық» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Такаппар Дүние,
Мені де көрші енді!
Шегір көздерден,
небір сөздерден тіктедім еңсемді.
Мен емес шығармын бақытсыз алғашқы,
Мен емес шығармын сормаңдай ең соңғы!
Ғасырлар жаратпай жылдарды,
Жылдарға жастығым ұрланды.
Сапарға бір шыққан жолдастан,
Қасымда кім қалды?
Менікі аңсау ма жоқ бақты,
Бір мақтау – кеудеме от жақты.
Бір мақтау – езуді жидырмай,
Бір мақтау – күлкімді тоқтатты.
Алдайды. Ойы боп көздеген,
Тең етіп қояды өзгемен.
Болды енді, көп әуре болмаңдар,
Жігіттер, сенбеймін сөзге мен!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі