Көктем – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Көктем» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 906
Көктем қыз, сезіміңді қытықтаған,
Шаттықты одан қалай қытып қалам!
Күн күлді, өзен күлді, сәби күлді, –
Бір ләззат мен де осыдан ұтып қалам.
Адамға ашып төсін дала күлді,
Аппақ дән алақаннан ала білді,
Қыз көктем киді үстіне үлпілдетіп
Қаныбет қызыл, жасыл,
ала гүлді...
Көңілді, – ызғарынан күн сынғаны,
Көрікті көктемнің гүл ұсынғаны!
Сұңқылдап құс қиқуы,
қыз күлкісі –
Шырқатты ән, осы көктем тұсындағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері