Интервалдар – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Интервалдар» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ең кішіміз Нұрила,
Деді, міне ....
(прима)

Алдыңдағы жет ұлға,
Деп секірді...
(секунда)

Нағашыңды ерт Зия,
Күтіп отыр ...
(терция)

Шөп әкелді бір арқа,
Қайратты екен ...
(кварта)

Ұстатпас аң, не құсқа,
Қандай жүйрік ...
(секста)

Дәлізде тұр көп пима,
Таңдап ки сен, ...
(септима)

Ән мәтінін жатта да,
Шырқап жібер ...
(октава)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері