Өлең, жыр, ақындар

Кел, жылдарым

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 542
Кел, жылдарым, жыл құсындай самғап кел,
Арманымдай айтылмаған әнді ап кел.
Қайғырғанның қайғы-мұңын ұмыттыр,
Қуанғанның қуанышын жалғап кел!
Кел, жылдарым! Келген сайын тасып өт,
Шаттығыңды шашуыңдай шашып өт,
Кәрі-жасқа махаббатын жолдас қып,
Адамдарды Адамдарға ғашық ет!
Жанарларда отымыз боп жана біл,
Өркеніміз — сәбиді ерте дана қыл.
Кел, жылдарым! Кәрі-жас па еркелет,
Ересектің бәрін бір сәт бала қыл!
Әуеніңе әуелетіп салшы бір,
Ем-дәрідей таңдайларға тамшы бір,
Жүректердің бәрін бірдей күйші етіп,
Адамдардың бәрін бір сәт әнші қыл.
Бөлеп алсын дүниенің жанын нұр,
Жан біткенді бір-біріне табындыр.
Еске алдырып ескі досты Жаңа жыл,
Адамдардың бәрін бір сот сағындыр!
Бәріне үлгір, аялдама, Уақыт, жет,
Әрбір үйдің асыл дәмін татып кет,
Мәңгі бақи есте қалып, әрбір Күн,
Адамдардың бәрім бір сәт бақытты ет!
Келіп қалар жол-жөнекей тосқан бір,
Қонағыңа екі-үш орын бос қалдыр,
Туған жерден алыс ұшқан құс болса,
Кіндік қаны тамған жерін еске алдыр!
Көңілдердің көгершінін ұшыр кеп,
Аяп қалма тағдыр дәмін ұсын кеп.
Туған жерге перзенттерін еске алдыр,
Арманына самғап ұшқан құсым деп.
Үміт толы әрбір үйді төр ет сен,
Еңсе баспа, еңселерді өр ет сен.
Туған жердің көктеміндей, Жаңа жыл,
Адамдардың көсегесін көгерт сен!
Тудыр күнін, тудыр оңнан айын да,
Ұшқан құстың қанаттарын қайырма.
Адамдарды ұлы Жерге бауыр қыл,
Адамдарды ұлы еңбектен айырма!
Өлше өмірді адамшылық тойыммен,
Өлшемеші пендешілік пейілмен.
Сәбилердің жүрегімен сүйе біл,
Аналардың көзі болып мейірлен!
Өмір талай өз бақытын ұшырды,
Адам жанын Адам ғана түсінді.
Ақша бұлтты аспаныңда, Жылдарым,
Самғата бер Бейбітшілік құсыңды!
Берме жанның біріне де ақырет,
Жақсыларды жақсыларға жақын ет.
Дүниеге таңқалатын балаша,
Адамдардың бәрін бір сәт ақын ет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Коррида

  • 0
  • 0

Толмаған-ау осынау көпке жай іші,
Атып шығып шешілгенде қайсысы,
Испан ұлты мақтан тұтар стадион,
Адам менен бұқалардың сайысы!

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Туған жер – орман бауларым,
Қыздарындай гүлі бар.
Ғажайып арман тауларым,
Ұлдарындай шыңы бар.

Толық

Быт-шыт болар бар сенім

  • 0
  • 0

Быт-шыт болар бар сенім,
Қаһарлы ханның билігі қиын.
Қию қашқан нәрсенің,
Икемге келіп, илігуі қиын.

Толық

Қарап көріңіз