Ескерткіш
Тау туралы аңыз
Қазақ қазақ болғалы,
Кең далада көшіп-қонғалы,
Тағдырдың сан тарауындай жолдары
Бір арнаға тоғыспапты,
Дұшпандары тонап жатса да,
Жыландай жауы орап жатса да,
Бірігіп қарсы соғыспапты.
Хандары қарақан басын ойлап,
Көздерінен ызғарлы жасын ойнап,
Елдің елдігі үшін,
Ердің ерлігі үшін жан салмапты,
Қарапайым халыққа артып бар салмақты,
Балаларды жетім етіп,
Аналарды жесір етіп,
Елді тоз қылыпты.
Қуаныштан қайғыны оздырыпты,
Еңку-еңку жер шалған,
Егеулі найза қолға алған,
Ерлерінің өздері басын алыпты,
Жайығымның жосылып аққан,
Жетісуындай қосылып аққан,
Жер бетінде жанарының жасы қалыпты,
Бақытын кең далаға шашып алыпты,
Бетпақ даладай шөлдерге,
Сарыарқадай белдерге,
Балқашымдай көлдерге,
Қазақты қырып қанын селдетіп,
Жаулары қаптап төнгенде,
Елдің елдігі мен,
Еңіреген ерлердің ерлігінің,
Жердің кеңдігі мен
Даламыздың ерлігінің арқасында,
Арғы атамыз бен Ұлы Анамыздың жанықалыпты.
Тұлпар аты мен Аруана-сынды нарықалыпты.
Өз ұрпағын өмірге қалдыру үшін,
Қырылған халық қайта жаңғыруы үшін,
Өз ішін өзі жарып алыпты,
Жарып алған нәрестені Атасына беріпті, —
Сен енді Қазақ боласың,— депті,
Атасы батасын беріпті:
Кең далада кезіп жүріп ақыры азатболасың,—Депті.
Қырғынға ұшыраған елің үшін ескерткішқоймасаң,
Елдерге күлкі, мазақ боласың, — депті.
Сонымен Қазақ Тұлпарымен, Нарымен,
Домбырасымен, барымен,
Даласына сапар шегіпті.
Жан адам қалмаған жерін көріпті,
Бақыт суына сусаған шөлін көріпті.
Көз жасынан құралған теңіздері мен көлінкөріпті,
Көлде толқынымен қосылып,
Ақырзамандай қырғыннан шошынып,
Аққуларға айналған Арулар кезігіпті,
Бірінен Қазақ бақытын сезініпті,
Алдында Махаббат атты құдірет күшпен
Елжіреп езіліпті. Ақку тұрып былай депті:
— Махаббаттан құдіретті,
Көкірегіңнен сезініп қайнар барын,
Аққудан аруға айналғаным,
Сен маған табындың.
Енді мен Сенің жарыңмын!
Бірақ менің тілегім бар,
Сен деп соққан жүрегім бар,
Жүрегіме сай сөз айта алмасаң,
Сауалымның қарымын қайтармасаң,
Қайтадан аққуға айналып кетемін,
Көкірегіме қасірет-қайғы алып кетемін.
— Мақұл, айт!—деді Қазақ тұрып,
— Анау айдында жүзген аққулар
Сіңлілерім мен апаларым,— деді,
Саған қосылар алдында, соларға
Сенің бір сәлеміңді апарамын,
Апарамын, Аққу тілімен жеткіземін,
Сосын өзіңе жұптасып, қосылу тойынөткіземін.
Сосын Қазақ тұрып:
— Сіңлілерің мен апаларың болса,
Мынау кең даланың еркесіндей ұшып-қонар,— деді.
Аққуларды атпас болар,— деді.
Аққулар сөзге ырза болып,ақ тілек айтты,
Апалы-сіңлілері пәк тілек айтты:
— Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жар-жар, — деді. Тебіреніп толқыды,
Аққулардың маржан көлі.
Сосын аспанды алты айналып,
Аққулар ұшып кетті,
Қазақ сонда ең алғаш Аруының,
Аймалап сүйіп жатты, құшып бетін...
Көрпесін орап-қымтап түні тұрды.
Дүние бар ма, жоқ па, ұмытылды,
Ертеңіне ең алғаш бұл өмірде,
Қазақ деген халықтың күні туды.
Құлпырды керім дала, гүл боянып,
Таңменен Қазақ тұрды бірге оянып.
Сонда:
— Сен енді Қазақ боласың,— деген,
Кең далада кезіп жүріп ақыры азат
боласың,— деген,
Қырғынға ұшыраған елің үшін,
Ескерткіш қоймасаң,
Елдерге күлкі, мазақ боласың,—
деген атасы түсіп есіне,
Атасының батасы түсіп есіне,
Аруына:
— Ескерткіш туын тіккелі,
«Жол жүремін, күт мені»,
Жол жүрген ердің жары қалады,
Боздап қасында нары қалады,— деді.
Саған серік болатын,
Аруана — нарыма сенемін, — деді,
Апалы-сіңлілі аққулардай,
Аппақ арыңа сенемін,— деді.
Ал, тұлпарды алыс жолыма серік етемін,
Ескерткіш деген арман аманатына
Домбырамды көрік етемін — Деп
Қазақ сапарға кеткен көрінеді,
Уақыт зымырап,
Жылдар өткен көрінеді...
Жолда арамшөптер тамырын жұлғызыпты.
Ғасырлар ағысын еліне бұрғызыпты.
Қасиетті қазақ өзіне ескерткіш етіп,
Әуелі ҰЛЫТАУДЫ тұрғызыпты,
Өмір берген от-жалынымен от өріпті,
Арғы ата мен Ұлы Ана парызы етеліпті,
Қайырымды Қазақ өзіне ескерткіш етіп,
ҚАРАТАУДЫ көтеріпті!
Талай-талай толқымалы жыл өтіпті,
Тағдырын үшінші тауға тіретіпті,
Қастерлі Қазақ ескерткіш етіп,
Асқақ АЛАТАУДЫ өзіне Шың етіпті!
Ескерткіш соғып,
Жарына Қазақ оралыпты.
Алдынан шыққан Аруымен қоса
Үш бірдей егіз жігіт қол алыпты.
Біріншісі тұрып:
— Әке, ел толғайты Жырыңмын,— депті,
— Таңертеңгісін туған ұлыңмын,— депті.
Екіншісі тұрып:
— Әке, ел қорғайтын Күшіңмін,— депті,
— Түсте дүниеге келген тал түсіңмін,—депті.
Үшіншісі тұрып:
— Әке, ойға бататын Ұлыңмын,— депті,
— Жұлдызы жарық түніңмін,— депті.
Қазақ қайран қалып,
Жүзі жайраң қағып,
Қуаныштан көзіне жас алып тұрып,
Үш ұлын көріп, жасарып күліп,
— Аруым, мен жоқта толғаттың ба?—депті.
Ерінің соққан таулы шыңдарына қарап:
— Толғаттым!— депті. Аруы тұрып:
— Ерім ескерткіш орнаттың ба?— депті.
Аруы туған егіз ұлдарына қарап:
— ЕСКЕРТКІШ ОРНАТТЫМ!— депті...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі