Соль – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Соль» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айтсаң дағы қыр әнін,
Созылмаймын өлшемсіз.
Домбыраның бұрауын,
Түсіріп көр, «соль»-сіз.
Жанымызды жылатып,
Кеудемізді үн кернер.
Есімімді ұмытып
Тұз деп қалып жүрмеңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері