Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 653
Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар,
Қайталанып тұрады сан ғұрыптар.
Мен ғаламға әлдене айтқым келді,
Естімеді, кеудесі мәңгілік тар.
Түкпіріне санамның төрлегесін,
Көңілімді сүйретем өрге несін.
Сурет салдым сұлулық сиясымен,
Көзін жұмды ел, көңілі көрмегесін.
Әдемі әуен көмейде кептеледі,
Шықпай қалса, қинайды текке мені.
Әнші құсқа әуенді сыйлап едім,
Қайталауға өресі жетпегені.
Бір сағыныш басады күзгі әлемді,
Мұң басқасын қаламмен сызды өлеңді.
Біраз уақыт үндемей қалып едім,
Шулы ғалам сыбдырлап іздеді енді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері