Лас адам – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Лас адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 631
Аузының ласын-ай!
Лас сөздерiне үндемей
Көпшiлiктiң шыдасын-ай!
Айнала мүңкiп кеттi.
Жүрегiм лобылып,
Кеудем кiлкiп кеттi.
Кiм болса да
Былапыт, былғанышын –
Аямай! –
Жағып жатыр.
Еден жуатын шүберектей
Лас сөздерге – шолпытып –
Малып жатыр.
Аппақ дегенiңдi
Жапаға құлатып
Сатпақ етедi.
Қатқақ дегенiңдi –
Қоймалжың! –
Батпақ етедi.
Бұл адам
Сасыған қан-жынды –
Одан сайын мүңкiтiп! –
Түртiп отырғандай.
Бет-аузын
Шуаш сiңген шұлғаумен
Сүртiп отырғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лас адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Лас адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лас адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лас адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері