Ымырт түстi

Бұл бетте «Ымырт түстi» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 716
Ымырт түстi,
жан-жағыма қарадым –
тау, өзен мен қыратты өлке, алабым,
танаптардың мая-мая сабаны...
менен бәрi бiрте-бiрте алыстап,
қараңғыға сiңiп кетiп барады.
Қайтайыншы дегендей-ақ аралап,
ағаштар да кетiп бара жатады.
өзен бойын жағалап.
Жапырақтардың сыңғыры –
жүрiп бара жатқан аяқ сыбдыры.
Түн өтедi.
Таң бозарып атады, –
сыпырылып түннiң қара шапаны,
маған бәрi бiрте-бiрте жақындап.
қараңғыдан шығып келе жатады.
Мен көрмеген өлкелердi аралап,
ағаштар да қайтып келе жатады,
өзен бойын жағалап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ымырт түстi өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ымырт түстi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ымырт түстi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ымырт түстi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері