Мен туған үй Алатау бөктерінде

Бұл бетте «Мен туған үй Алатау бөктерінде» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 2
  • 1507
Көз жүгіртіп қарасам өткеніме.
Мен туған үй Алатау бөктерінде.
Түнеріп тұр көк аспан, күрсінеді,
Көп келмей кеткеніме өкпелі ме?!
Өмірдің төтеп беріп өткеліне.
Қайырылып бір қарадым өткеніме.
Ол менің жастық шағым қайта оралмас,
Ол менің сағым болған көктемім бе?!
Қимас сезім әурелеп кетерімде.
Қалың ойдың кетемін жетегінде.
Өзіңе өмір бойы қарыздармын,
Парызыңды мен бүгін өтедім бе?!
Адам пенде,
Сынаса ұнамайсың.
Алладан тек амандық сұрағайсың.
Өзіңе әлі талай берерім көп,
Білемін,
Білемін сен ештеңе сұрамайсың.
Көпар тартқан елім бар, баптап атын.
Өмір мынау бап емес, бақ шабатын.
Қасиетіңнен айналдым туған өлке,
Мен сенің ұлың болам мақтанатын.


Пікірлер (2)

нұркен

өлеңдерің керемет, Абдулла!

Дико

Абдулмахмуд Пошатаевтың «Мен туған үй — Алатау бөктерінде» өлеңі — туған жерге деген сағыныш пен шын жүректен шыққан махаббатты терең сезіндіретін тағылымды туынды. Ақын туған жылы өлкесі — Алатау бөктерін еске алып, өткен күндер, жас күндер мен жастық шақ туралы сезімін поэтикалық тілмен айшықтайды.

Өлеңде Алатаумен байланыс пен туған үйге деген сағыныш басты рөлде көрініп, оқырманды рухани толғанысқа және өз өміріндегі ең бағалы сәттерді еске алуға шақырады.

Бұл өлең — тек туған жерді сипаттайтын шығарма емес, адамның жүрегіндегі жан‑жақты сезімдердің, өткен шақпен байланыстың нәзік көрінісі. Тағылымды әрі әсерлі.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен туған үй Алатау бөктерінде өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Мен туған үй Алатау бөктерінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен туған үй Алатау бөктерінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен туған үй Алатау бөктерінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері