Шошыну – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шошыну» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 687
Аурумын!
Алтайым да ауру,
Сарыарқам да ауру,
Қаратауым да ауру,
Алатауым да ауру,
Атырауым да ауру.
Ауру!
Ертiстiң тамырын ұстадым,
Жайықтың тамырын ұстадым,
Сырдарияның тамырын ұстадым,
Тобылдың тамырын ұстадым,
Есiлдiн тамырын ұстадым,
Iленiң тамырын ұстадым, —
Апыр-ай!
Дерттi жанның тамырындай
Соғып тұр! —
Бiрде тартылып,
Бiрде талып тұр.
Сонда да көнбестен
Биiкке өрлеп ем, —
Топан су сарқырап құйылып
Құлатты.
Байқайсың ба,
Аспандағы қара бүлттар
Менi көмiп тастайтын
Күздегi қап-қара
Топырақ сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шошыну өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шошыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шошыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шошыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері